Ердоған Назарбаевты туған күнімен құттықтады
Ердоған Назарбаевты туған күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НазарбаевТүрік Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорда сайты.
Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен табыс тіледі. Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылады. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде, соның ішінде биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесі бойынша кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына қатысты пікір алмасты. Президенттер Қазақстан мен Түркияның кең ауқымды бағыттар бойынша қарым-қатынасын одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты. Айта кетейік, бүгін, 6 шілдеде Қазақстан Президенті 77 жасқа толды.