Ресейде қырғыздардың көлік жүргізу куәлігі жарай береді

Ресейде қырғыздардың көлік жүргізу куәлігі жарай береді

Ресейде қырғыздардың көлік жүргізу куәлігі жарай береді
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның ұлттық көлік жүргізу куәлігін мойындау идеясын ресми түрде қолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Мұндай идеяны Мемлекеттік думаның ТМД істері жөніндегі комитеті ұсынған. Парламент 5 шілдеде тиісті жолдауын президентке жеткізген. Онда Беларусь азаматтарына берілген құқық секілді, Қырғызстан азаматтарының көлік жүргізу куәлігін мойындау ұсынылған. Мұндай ұсыныс қабылданған жағдайда, қырғыз мигранттарына Ресейде қайтадан емтихан тапсыру қажет болмайды. 1 маусымнан бастап Ресейде мигранттарға "орыс тілін жетік білмеуіне байланысты" жүк көлігі, такси және автобусты ресейлік көлік жүргізу куәлігінсіз басқаруға тыйым салынған. Дегенмен, депутаттар Қырғызстанда орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылатынын ескеріп отыр. Песковтың айтуынша, Ресей басшысы да бұл ұсынысты қолдайды. 2015 жылы тамызда Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа қабылданды, сол уақыттан бері қырғыздарға Ресей аумағында жұмыс істеуге рұқсат алу қажет болмай қалды. Дегенмен, Ресейдің кейбір аймақтарында Қырғызстан мигранттарына ресейлік куәлікпен де жүргізуші болып істеуге рұқсат бермейді.