Меркель мен Трамп Гамбургте G20 саммиті алдында келіссөз өткізді
Меркель мен Трамп Гамбургте G20 саммиті алдында келіссөз өткізді
ГФР канцлері мен АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Гамбургте өтетін "үлкен жиырмалық" (G20) саммиті алдында кездесіп, Украинаның шығысындағы қақтығыстар, Солтүстік Корея және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.
Гамбургтегі қонақ үйлердің бірінде өткен кездесу бір сағатқа созылған. Батыс журналистерінің хабарлауынша, кездесу жабық есік жағдайында өткен.
Жұма күні басталатын G20 саммитінде әлемдік сауда және климаттың өзгеруі мәселелері қаралады. Екі тақырыпқа қатысты Германия мен АҚШ-тың пікірлері екіге жарылады.
Екі саясаткер де мамыр айында Вашингтонда кездескен. Сол кезде журналистер екеуінің арасында "салқындық" барын байқағанын жазған.
Гамбургте әлемдік лидерлердің кездесуі қарсаңында ғаламдасуға қарсы демонстрациялар өтіп жатыр. Көшеге ондаған мың наразылар шыққан. 6 шілдеге қараған түні наразыларды полиция суатқышпен таратқан.