Жаңалықтар

Қырғыз-қазақ шекарасындағы өткізу бекетіне күрделі жөндеу жүргізіледі

ашық дереккөзі

Қырғыз-қазақ шекарасындағы өткізу бекетіне күрделі жөндеу жүргізіледі

Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдовар" бақылау-өткізу бекетіне қазіргі заманға сай күрделі жөндеу жүрізілмек. Жөндеу жұмыстарынан кейін бекеттің өткізу мүмкіндігі екі есеге ұлғаяды деп күтіледі. Бүгінде шекара бекеті күніне 5 мың адам және 300 көлікке дейін өткізе алады. Қырғызстан шекара қызметінің төрағасы міндетін атқарушы Уларбек Шаршеев модернизация аяқталғаннан кейін өткізу мүмкіндігі екі есеге дейін артады деп отыр. Қызметкерлер санын көбейту де жоспарланған. Жөндеу жұмыстары қазан айына дейін аяқталуға тиіс. Жобаның құны 13,9 млн сом. Тұрғындар мен шетелдік қонақтардың шағымдарынан кейін Қырғызстанның үкімет басшысы Сооронбай Жээнбеков шекара бекетін кеңейтуді тапсырған. Оның сөздерінше, келушілер ел жайында жақсы әсерде қалу керек.