Шахматшы Жансая ерлердің нормативін орындады

Шахматшы Жансая ерлердің нормативін орындады

Шахматшы Жансая ерлердің нормативін орындады
ашық дереккөзі
Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстердің ерлерге арналған нормасын орындады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Бұл Қазақстанның шахмат тарихында алғаш рет болып отыр. Жансая АҚШ-тың Филадельфия штатында өтіп жатқан ірі халықаралық World Open 2017 турниріне қатысты. Қатысушылар саны 216 спортшы болды, олардың ішінде 33 ер гроссмейстер және 26 ерлер арасында халықаралық спорт шебері. "Жансая тоғыз ұпайдың алтауын жинады: ол алты партияны жеңіп, екеуінде тең түсті және біреуінде ұтылып қалды. Ол рейтингі 2595 қытайлық гроссмейстерден ұтылды. Соңғы партияда рейтінгі 2658 болып тұрған жарыс көшбасшысымен ойнады. Жеңген жағдайда турнир жеңімпазы да болатын еді. Бірақ тең ойын болды", - дейді Жансаяның әкесі Данияр Әшіров.  width= Сонымен бірге, Жансая халықаралық рейтингте 30 пунктке жоғарылады. Жансая Әбдімәлік АҚШ-та екі ай жүріп, төрт турнирге қатысқанын айта кетейік.