14 миллион теңгені Димаштың атынан қытайлық кәсіпкер аударған

14 миллион теңгені Димаштың атынан қытайлық кәсіпкер аударған

14 миллион теңгені Димаштың атынан қытайлық кәсіпкер аударған
ашық дереккөзі
Димаштың Қытайдың тасқын судан зардап шеккен өңіріне 14 миллион теңге аудармағаны белгілі болды. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев мәлім етті деп хабарлайды Sputniknews.kz.  "Мен өзіміз жөніндегі көп жаңалықты баспасөз бетінен білемін…Димаш көрші елдің су басқан аймағына пəлен миллион аударыпты дегенді де жариялапты. Əр елдің салты басқа — Димаштың өнеріне тəнті қытайлық фирма өз жерлестеріне көмектесіп, біздің баланың атынан қаражат аударыпты. (Димаш ол деңгейге əзір жете қойған жоқ.) Бізге де, өздеріне де жақсылық жасағысы келген болар…", — деп жазған Қанат Айтбаев фейсбуктағы парақшасында. Айта кетейік, бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань провинциясында болған су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 300 мың юань (14 миллион теңге) қаражат аударған деген ақпарат тараған болатын.