Жаңалықтар

Жеңімпаздар сертификаттарын балалар үйіне табыстады

ашық дереккөзі

Жеңімпаздар сертификаттарын балалар үйіне табыстады

 «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы ұйымдастырған «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауында биыл Шин-лайн компаниясы екінші орынды иеленді. Сыйлыққа ұсынылған 150 мың теңгені компания Талғар қаласындағы «Ковчег» балалар үйіне табыстады.  Байқауда үздік атанған – бал шығаратын «Лепсі өнімдері» және шырын шығарушы «Apple world» кәсіпорындары болды. 2006 жылдан бері «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауы тегін ұйымдастырылады. Оған еліміздегі көптеген кәсіпкерлер мен кәсіпорындар қатыса алады. Биыл Алматы облысына 50-ден астам кәсіпорын қатысты. Байқаудың келесі сатысында жеңімпаздар Астанадағы «Қазақстанның ең үздік тауары-2017» байқауына қатысады. Сарапшылар үздік тауарды таңдау үшін бәсекеге қабілеттілігін, жоғары сапасын, компанияның иновациялығын, жаңа теңхнологияларды енгізуі мен менеджментті баста назарға алды. Өз кезегінде тұтынушылар байқауға қатысушылардың өнімдерін таңдауына мүмкіндік алды. «20 жылдан бері Шин-Лайн компаниясы нарықтағы көшбасшы болды, бұл өнімді Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де таниды. Қазіргі таңда компанияның балмұздақтарына сұраныс көп. Осы компанияның арқасында көптеген адамдар сапалы өнімге қол жеткізіп отыр, ал 2200 адам жұмыспен қамтылған », – деді Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Чинкисбаева. Euromonitor компаниясының мәліметі бойынша, қазақстандық нарықтағы «Шин-Лайн» компаниясының үлесі – 35 пайыз. Айтқандай, көпке танымал «Бомба» балмұздағы осы компанияда жасалады. Балмұздақтың 140 түрі жасалады.