Қарағанды пәтер ұрлығы бойынша көш бастап тұр

Қарағанды пәтер ұрлығы бойынша көш бастап тұр

Қарағанды пәтер ұрлығы бойынша көш бастап тұр
ашық дереккөзі
Пәтер тонау және мал ұрлығы мәселесі Қарағанды облыстық әкімдікте өткен қылмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланды. Аймақ жетекшісі Ерлан Қошанов өзгенің мүлкін жымқыру дерегін азайту үшін жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.  Алдымен 2015-2017 жылдары бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстың есебі тыңдалды. Кейін Қарағанды және Теміртау қаласының әкімдері баяндама жасады. Себебі облыс орталығы пәтер ұрлығы бойынша көш бастап тұр. Метталургтер қаласы да ұрлық қылмысынан қалыс қалмауда.  Полиция қызметкерлері ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биыл Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында 4 400 пәтер тонау дерегі тіркелген. Бұл аймақтағы аталған қылмыс түрінің 71,6% құрап отыр. Ерлан Қошанов қала әкімдері бұл мәселені назарда ұстауларын талап етті. Құқық қорғау орган қызметкерлермен бірлесіп, қылмыстың алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.  Ал ауылдық ағайын мал ұрлығынан зардап шегуде. Сондықтан бұл заң бұзушылықпен күресті аудандарда да күшейту маңызды.  -Облыстық ІІД, ветеринария басқармасы, қала аудан әкімдеріне ұрлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныс жобаларын жасау қажет. Бұл жұмысты атқаруға 28 шілдеге дейін уақыт беремін,- деп тапсырма берді Ерлан Қошанов.  «Өзгенің мүлкін тонауға қарсы бағдарламаны дамытуға бағытталған жұмыстарды дамыту шараларын жалғастыру керек»,- деп атап өтті облыс әкімі.  «Тек ортақ күш салу арқылы ұрлықтың алдын алу жұмысының сапасын арттыра аламыз. Яғни осы арқылы мемлекеттік қызмет жөнінде қоғамның оң пікірін қалыптастырамыз».