Атырауды су басты
Атырауды су басты
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті нөсерлетіп жауған жауыннан 20-дан астам үйді су басқанын хабарлады.
Кешегі күннен бері Атырау облысында күшті жауын жауып, желдіғң екпіні 15-20 м/с жеткен көрінеді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта 15 үйден 32 адам эвакуацияланған. Енді екі үйден адамдарды эвакуациялау үшін бригада жіберіліп жатыр. Әзірге су басқан үйлердің нақты саны белгісіз. Өңірде Атырау қаласының әкімімен бірге ТЖД және «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» МБ басшылығынан штаб құрылған. Төтенше жағдай департаменті 23 үйден судың сорылып шығарылғанын және су сорып шығару жұмыстары әлі де жалғасып жатқандығын айтады. Табиғаттың тосын апатының салдарын жою үшін қазір 35 дана техника, 35 ТЖД мүшелері жұмылдырылды. Су басқан аумақта адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атыраудағы барлық жалпы білім беру мекемелеріндегі сабақ тоқтатылды.