Полиция капитанын таптап өлтірген жүргізуші бостандықта жүр

Полиция капитанын таптап өлтірген жүргізуші бостандықта жүр

Полиция капитанын таптап өлтірген жүргізуші бостандықта жүр
ашық дереккөзі
Экологиялық бекеттегі арнайы жасақ қызметкерін таптап кеткен Андрей Бедусенко әлі бостандықта жүр деді қамауда отырған Есенбаевтың туыстары. Бірақ бұған дейін ішкі істер департаментінің өкілдері 1986 жылғы күдікті бірден қамауға алынды деп ақпарат таратқан еді. Анығында полиция капитанын өлтірген Андрей ауруханаға жатып алса, әу бастағы куәгер болған екінші камаздың жүргізушісі сот санкциясымен бірден күдіктіге айналып, екі айға қамауға алыныпты. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.  Апаттық жағдай тудырды деген кінәмен  қамалған 57 жастағы Рахымжан Есенбаевтың балалары бұл әрекетке келіспейтіндерін айтып шағымданды. Айтуларынша, тергеуші Елубаев әлі сот сараптамасы болмаған деген сылтаумен басты күдікті Бедусенконы бір апта өтседе қамауға асығар емес. Ал, Есенбаевтың баласы әкем жол полициясының бұйрығын тыңдаймын деп басы дауға қалды дейді. «Әділдік. Менің әкем максимум апаттық жағдай тудырды. Ол әкімшілік жаза, жүргізу куәлігінен айырсын, айыппұл салсын. 345 баптың 3-тармағындағы абайсызда адам өлтірді деген. Ал әкем адам өлтірген жоқ. Ары кеткенде тоқтаймын деп екінші көлікті қысты»,- деді Р.Есенбаевтың ұлы, Рамазан ЕСЕНБАЕВ. Тергеушілер тек жартысын ғана қиып берген көріністе апатқа дейінгі оқиға көрінеді. Есенбаевтың адвокаты апаттың орын алуына дәл осы орта жолда келе жатқан камазды тоқтатпақ болған, жол патрульдік полициясы қызметкерінің де қатысы бар дейді. Өйткені ол жұмысын соңына дейін аяқтамаған. Салдарынан Алматы облысынан Шымкентке жүк әкетіп бара жатқан Есенбаев та күтпеген жерден кінәлі болып шықты деді жәбірленуші тарап өкілдері. Ал бұл шағымға қатысты қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері қандайда бір сұхбат беруден бас тартты. «Адамды қағып өлтірген адам ИВС-қа жіберілді, қамауда деп жалған ақпарат беріп отыр халыққа. Ал енді мынау Есенбаевтың бала-шағасы, семьясы жылап-еңіреп жүр. Оны қақпаған адам қалай түрмеге жатады? Оны неғып санкциялайды? Әлі бір экспертиза, жеті күн болды бір экспертиза жүргізген жоқ»,- деді Р. Есенбаевтың қорғаушысы, Бақытжамал ҚАЗЫБЕКОВА.