ОҚО-да 46 градусқа дейін ыстық болады

ОҚО-да 46 градусқа дейін ыстық болады

ОҚО-да 46 градусқа дейін ыстық болады
ашық дереккөзі
ОҚО-ның кейбір аудандарында ауа температурасы 46 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. «Аптапты ыстық шіліңгір шілденің алғашқы он күндігінде сақталады», – дейді синоптиктер. Сынап бағанасы қазірдің өзінде 40 градусқа жақындаған. Аймаққа ыстық ауа ағымы Орталық Азиядан келген. Күннің күрт ысып кетуіне байланысты тұрғындарға ескерту хабарламалар жіберілген. Қан қысымы жоғары азаматтарға бұл күндері далаға шықпауға кеңес беріледі. Салтанат Қоныс, синоптик: – Облыс бойынша шілденің алғашқы он күндігінде Орта Азиядан келетін жылы ағымдардың әсерінен аптапты ыстық күтілеуде. Соның әсерінен облыс бойынша алғашқы 10 күндіктің 5 күнінде 30-35 кей жерлерде 43 градус ыстық болады. Ал ары қарай шілденің 6 мен 9 аралығында кей жерлерде шөлді аумақтарды, оңтүстік аймақтарды 46 градусқа дейін ыстық күтіледі.