«Альфа-банкті» тонағандар екі айға қамалды

«Альфа-банкті» тонағандар екі айға қамалды

«Альфа-банкті» тонағандар екі айға қамалды
ашық дереккөзі
Алматыда банк тонағандар екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. «Альфа-банкті» тонау бойынша күдіктілерге қатысты екі айға бұлтартпау шарасы тағайындалды», - делінген Бостандық ауданының прокуратурасы таратқан ақпаратта. Қазіргі таңда күдікті деп танылған екі адам екі айға қамауға алынды. Еске салайық, 27 маусым күні кешкісін «Арай» тұрғын үйінде орналасқан банк ғимараты тоналған еді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел іздестіру жұмыстары нəтижесінде телефон қоңыраулары тексеріле келе 2 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың бірі - банк қызметкері, яғни күзетші болып шықты.