Депозит пен несие мөлшерлемесі өзгерді

3 шілде, 2017 / Ақниет ОСПАНБАЙ
ашық дереккөзі
Депозит пен несие мөлшерлемесі өзгерді Қазақстандық бірнеше банк несие мен депозиттің пайызын өзгертті. Оған таяудағы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 10,5 пайызға дейін төмендетілуі себеп болды деп жазды naryk.kz. Сонымен қатар, таяуда Ұлттық банк шетелдік валютадағы депозиттің ұсынылған мөлшерлемесі де 1,5 пайызға төмендетілген еді. Ал теңгедегі депозиттің пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыз деңгейінде қалды. Қаржыгерлер бұл туралы пікір білдіре отырып, атлдағы уақытта несиенің пайызы азайып, теңгемен салынатын депозиттің көбейетінін болжайды. Қазіргі таңда депозиттің мөлшерлемесін бес банк төмендетті: Ұлттық банктің мәліметінше, қазір теңгедегі депозит ел бойынша орта есеппен 12 пайыз шамасында болса, шетел валютасында бұл көрсеткіш 2,2 пайыз шамасында. Ал несие пайызына келер болсақ, банктердің ұсынысы төмендегіше: