Жаңалықтар

Теңгеге сенім артып келеді

ашық дереккөзі

Теңгеге сенім артып келеді

2017 жылғы мамырдың соңындағы жағдай бойынша депозиттер көлемі жыл басынан бастап 2,2%-ға қысқарып 17 707,3 млрд. теңгені құрады, ал 2016 жылдың тиісті кезеңіне қатысты депозиттер көлемі 7,3%-ға немесе 1 206,3 млрд. теңгеге ұлғайды деп жазды naryk.kz. Депозиттердің қысқаруы басым бөлігінде ұлттық валютаның нығаюы (жыл басынан бастап 6,3%) нәтижесінде валюталық депозиттерді қайта бағалаумен түсіндіріледі. Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі жыл басынан бастап 13,7%-ға немесе 1 358,1 млрд. теңгеге қысқарды. Валюталық салымдардың нақты әкетілуі 2 348,6 млн. АҚШ долларын немесе 7,9%-ды құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер жыл басынан бастап 11,8%-ға немесе 969,0 млрд. теңгеге өсті. Нәтижесінде теңгемен салымдардың жалғасып отырған өсуі үрдісі және валюталық салымдардың қысқаруы нәтижесінде депозиттерді долларландыру мамырда 48,2%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың айырбастау бағамының өзгеруін ескермегендегі валюталық салымдары теңгемен салымдардың 10,4%-ға ұлғаюы аясында жыл басынан бастап 7,7%-ға (1 159,3 млн. АҚШ доллары) қысқарды, бұл заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері үлесінің 2017 жылғы мамырда 43,1%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Жеке тұлғалар депозиттерінің долларлану деңгейі жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 8,2%-ға (1 189,2 млн. АҚШ доллары) төмендеуі және ағымдағы жылдың басынан бері теңгемен салымдар 14,3%-ға өсуі нәтижесінде 55,1% болды. Ағымдағы жылдың бес айында банктер 34 184,9 млрд. теңге сомада депозиттер тартты, ол 2016 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 40,1%-ға артық. Теңгемен тартылған қаражат осы кезеңде 72,1%-ға (12 008,9 млрд. теңгеге) өсті, валютамен тартылған қаражат 28,6%-ға (2 216,6 млрд. теңгеге) қысқарды. Ұлттық валютамен тартылған депозиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 10,6%-дан 2016 жылғы желтоқсанда 9%-ға дейін төмендеді. Бұл үрдіс заңды тұлғалардың мерзімді теңгелік депозиттері бойынша мөлшерлеменің 10,5%-дан 8,7%-ға дейін төмендеуіне негізделді. Сонымен бірге жеке тұлғалардың мерзімді теңгелік депозиттері бойынша мөлшерлеме айтарлықтай тұрақты болып қалуда – ағымдағы жылдың ішінде 12,1-12,5% аралығында. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 1,8-2% аралықта құбылуда.