Жаңалықтар

Америкалықтар қазақтармен қамажай биін билемек

ашық дереккөзі

Америкалықтар қазақтармен қамажай биін билемек

Америкалықтар қазақтармен қамажай биін билемек. 4 шілдеде Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 241 жыл толуы мерекесі аталып өтіледі. Осыған орай, Астана төрінде америкалық рок, блюграсс, соул және хип хоп әндері шырқалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚШ елшілігіне сілтеме жасай отырып. Тәуелсіздік күніне арналған мәдени іс-шаралар ЭКСПО көрмесінің бас концерт алаңында, сондай-ақ АҚШ-тың ұлттық павильонында өтеді. 4 шілде күні көпшілік алдында америкалық соул-әнші Майя Азусена, америкалық және қазақстандық музыканттардан құралған Bluegrass Survivors тобы өнер көрсетеді. Сондай-ақ, америкалықтар мен қазақстандықтар қамажай биін билейді. Тамаша музыкадан бөлек, бұл күні шынайы Harley-Davidson-де байкерлердің таңғажайып шеруі өтпек.