Елбасы Ресей мен Украинаны келіссөзге шақырды

Елбасы Ресей мен Украинаны келіссөзге шақырды

Елбасы Ресей мен Украинаны келіссөзге шақырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті реттеу үшін келіссөз бастауға шақырды. Астанада өткен шетел дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесуде Назарбаев Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай Ресей мен Украина арасында "күрт егес туындатып, конструктивті емес айтыс-тартысқа ұласқанын және оған өкінетінін" айтты.
"Біз тараптарды туындаған мәселелерді реттеу үшін байсалды диалог бастауға шақырамыз. Бұдан басқа жол жоқ. Кез-келген қақтығыс, тіпті әлемдік соғыстар да келіссөзге келумен аяқталады" деген Назарбаев Қазақстанның келіссөз процесіне барынша көмектесуге дайын екенін білдірді. Қазақстан президентінің пікірінше, Украина дағдарысына байланысты Батыс елдері мен Ресейдің бір-біріне санкция салуы Еуропа мен Ресейдің өзіне ғана емес, басқа да аймақтарға зардап келтіріп отыр. Ресей 2014 жылы наурызда Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбаста украин үкіметі әскерімен соғысып жатқан сепаратистерді қолдаған соң АҚШ пен Батыс елдері Ресейге қарсы экономикалық, қаржылық санкциялар салған. Бұған жауап ретінде Ресей Батыс елдерінен импорттайтын азық-түлікке эмбарго қойған. БҰҰ-ның мәліметінше, Украина шығысындағы қақтығыс басталғалы қаза тапқандар саны 10 мың адамнан асты.