Сирияның жаңа банкнотына Асадтың бейнесі басылды

Сирияның жаңа банкнотына Асадтың бейнесі басылды

Сирияның жаңа банкнотына Асадтың бейнесі басылды
ашық дереккөзі
Сирия президенті Башар Асадтың суреті Сирияның жаңа 2000 фунттық банкнотына (шамамен 3,90 АҚШ долларына тең) басылып шықты, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Сирия Орталық банкінің басшысы Дурайд Дургам банкнот бір жыл бұрын басылып шыққанын, бірақ соғысқа байланысты және айырбас бағамының құбылмалы болуынан айналымға кешігіп енгізілгенін мәлімдеді. Сирияның бұрынғы банкноттарында тарихи орындардың бейнесі және Башар Асадтың әкесі әрі елдің бұрынғы басшысы, 2000 жылы қайтыс болған Хафез Асадтың бейнесі басылатын. Алты жылдан астам уақытқа ұласқан Сириядағы азаматтық соғыста инфляция деңгейі жоғарылап кеткен. Сирияда бұрын құны ең жоғары банкнот 1000 фунт болған.