Путин Бердымұхамедовпен кездесуге дайындалуда

Путин Бердымұхамедовпен кездесуге дайындалуда

Путин Бердымұхамедовпен кездесуге дайындалуда
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин Түркіменстанға сапарлап барады, деп РИА Новости ақпарат агенттігі Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап хабарлады.
"Сапарға дайындалып жатырмыз. Қашан болатынын кейін хабарлаймыз", - деді Песков. Бұның алдында екі ел президенттері телефонмен сөйлескені хабарланған еді. Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ресейлік әріптесін Азиада-2017 халықаралық спорт жарысына шақырған. Азия ойындары биыл қыркүйекте Ашхабадта өтеді. Түркіменстан сыртқы істер министрлігі Путиннің сапары туралы әзірге хабарлаған жоқ. Еске салайық, Гурбангұлы Бердымұхамедов, биыл ақпанда үшінші мәрте президенттік сайлауда жеңіске жеткен соң, Ресейді Түркіменстанның бірінші стратегиялық әріптесі деп атаған.