Астанада кәсіпкерліктің үлесі 46 пайыз

Астанада кәсіпкерліктің үлесі 46 пайыз

Астанада кәсіпкерліктің үлесі 46 пайыз
ашық дереккөзі
Елорда көшелеріне біркелкі сауда дүңгіршектері орнатылып жатыр. Биылдың өзінде 400 астам кәсіпкер жер телімін алу жөнінде шарт жасасып, 300 арнайы павильон салған. Сол арқылы бизнес иесіне бірқатар жеңілдік ұсынылып, өз ісін ілгерілетуге жағдай жасалды деп хабарлайды 24.kz. Елордада орналасқан сауда дүңгіршектерінің эскиздік жобасы бір. Жергілікті билік пен кәсіпкерлер қолға алған игі іс қала ажарын айшықтауға сеп болған. Астаналық Қайнар Бейсалиевтың бизнес-жоспары ақпан айынан бері нәтижелі жүзеге асып келеді. «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы алынған жер телімінде ол кофе және дәмді десерттер саудалайды. Ерекшелігі кәсіпкер жобасына 7 жылға дейін жеңілдік қарастырылған. Жалдамалы жер теліміне төленетін бір жылдық салық бар-жоғы 180 мың теңгені құрайды. Қайнар Бейсалиев, кәсіпкер: – Кофе жағынан бұл алғашқы жобамыз. Әлі де іске асыратын жобаламыз бар. Екінші жер алғанбыз мың орынмен. Өтініш өткізген кезде қиын деп ойлағанбыз. Қиын деген ештеңесі жоқ. Бастысы компьютермен достасу. Сол арқылы өтініш жібересің. Қайнар Бейсалиевтің жобасы Астана әкімдігінің «» атты жаңа бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бұл жүйе тиімді шарттарды ұсынады. Көше саудасының бекітілген талабы арқылы біркелкі павильондар салынып, сыртқы келбеті мен ішкі көрінісі ұқсас болу міндеттеледі. Есесіне кәсіпкер жер телімі үшін азғантай қаржы төлеп, жылжымалы асхана, кофехана немесе жеміс-жидек пен балмұздақ саудалайтын нысан ашуға мүмкіндік алады. Нұржан Әшімов, қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы: – Жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Астана бизнес, яғни франшиза тартуға және де Ритейл супермаркет, гипермаркеттерлі жаңғыртуға бағытталған жобаларды қолдауға. Одан кейін жасстарт. Мынау жас адамдарды кәсіпкерлікке баулу, одан кейін стартап жаңа жобаларды жүзеге асыруға. Жаңа бағдарламаның тиімділігін тағы бір астаналық кәсіпкер Сара Назарова да көріп келеді. Гүл саудасы үшін ол қолайлы орын таңдап, ілкімді ісін ілгерілеткен. Елорданың оң жағалауында ашылған жаңа дүңгіршек тұтынушылар сұранысын қанағаттандырып, қалтаға қонымды бағада қызмет көрсетеді.