"Алтын алқа" таққан ана ойын автоматына құныққан

Таңғалаларлық жағдайға Габит Рабаев есімді әлеуметтік желі қолданушысы тап болған. Ойын автоматын ойнап тұрған ақжаулықты әйел видеоға түсіріп тұрған жігітті ұнатпаса керек. Жігітке жалт бұрылғанда кеудесіне таққан «Алтын алқасы» көзге бірден ілігеді.

Габит Рабаев есімді азаматқа хабарласқанымызда: «Бейнежазба Қызылордада түсірілген» – дейді. Ойынқұмар анамен кездейсоқ жолыққан Ғабиттің досы түсіріп алған екен.

Back to top button