Ашық аспан астында кітапхана жұмыс істеп тұр
2 шілде, 2017 /
Ақниет ОСПАНБАЙ
Ашық аспан астында кітапхана жұмыс істеп тұр
Петропавлда жазғы оқу залы ашылды. Енді қала тұрғындары қалаған кітабын таза ауада тыныстап отырып оқи алады. Бұдан бөлек, оқырмандарға түрлі газет-журналдар ұсынылған деп хабарлайды Хабар24.
Сонымен қатар «Мобильдік кітапхана» жобасы іске қосылды. Тұрғындар кейбір әдеби туындының электрондық нұсқасын ұялы телефондарына жүктей алады. Күніне мұнда 100-ден астам адам келеді. Оқу залында балаларға да көңіл бөлінген.
«Бүлдіршіндер арнайы бұрышта ойын ойнап, теледидар тамашалай алады», – дейді қызметкерлер. Ал аспан астындағы кітапхана қыркүйек айына дейін жұмыс істейді.
Қайыржан Мәлікова, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері:
- Бізде сонымен қатар «Буккроссинг» жобасы қолға алынды. Яғни оқырмандарымыз өздерінің кітаптарын әкеліп, біздің осында алаңға қойылған кітаптардың ішінен ұнағанын орнына ауыстырып алуына болады.