Араб әлеміндегі жанжал Астана процесіне әсер етпейді

Араб әлеміндегі жанжал Астана процесіне әсер етпейді

Араб әлеміндегі жанжал Астана процесіне әсер етпейді
ашық дереккөзі
"Араб елдері мен Катар арасындағы дипломатиялық жанжал Астана процесінің тиімділігіне әсер етуі мүмкін бе" деген сауалға "Хабар24" арнасы жауап іздеп көрген еді. Еске сала кетейік, 9 араб елі Катармен дипломатиялық байланыстарын үзгендерін мәлімдеген. Кейінірек Бахрейн, Египет, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері Катар еліне ультиматум қойды. Доха бұл талаптарды орындамайтынын жария етті. Араб әлемі дипломатиялық даудың ортасында қалды. Сауд Арабиясы, Бахрейн, Мысыр мен Біріккен Араб әмірліктерінің талабы бойынша, Катар 10 күн ішінде Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын және Түркиямен әскери ынтымақтастығын доғаруы керек. Дипломатиялық әрі сауда қоршауында қалған Катар бұл орындалмайтын талап деп жауап қайырып, ресми Доха келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. «Бірақ аймақтағы қатынастардың шиеленісуі Сирия келіссөздерінің тиімділігіне әсер етпейді», – дейді ресейлік сарапшылар. «Катар төңірегіндегі даудың жергілікті сипаты бар. Бұл дағдарысты Парсы шығанағындағы араб елдері өздері шешуі керек. Астана процесіне әсерін тигізеді деп ойламаймын, бұл мүлдем басқа оқиға», – деп тарқатты Василий Кузнецов. Ресейлік бақылаушылардың барлығы дерлік Астана процесі нәтижелі болғанын айтады. Сирияда оқ атпау режимін бекіту, уақытша бітім тәртібін бақылау және арнайы деэскалация аймақтары туралы Меморандумға қол қою – бұл Астана процесінің негізгі жетістігі. Василий Кузнецов, Араб және ислам зерттеулер орталығының басшысы: – Қазақстанның көмегі тигені рас. Одан қалды, қатысушы тараптардың тізімі де ауқымды болды. Осының бәрі Астана процесінің тиімділігін айғақтап берді. Себебі нақты нәтижелер бар. Енді деэскалация аймақтарының ережелері жазылуы керек. Бұл тұста саяси келіссөздер аса маңызды болып тұр. Сарапшылардың пайымдауынша, тараптар өзара келісімге келеді. Яғни, арнайы деэскалация аймақтары туралы Меморандум шарттарын орындау шаралары орындалады деген болжам бар. Хавала Фаиз, сириялық тілші: – Астана процесіне артқан үмітіміз зор. Сирияның қарулы оппозиция өкілдері мен бақылаушы ретінде АҚШ қатысады деген ойымыз бар. Астанадағы келіссөздер бітімге келген аймақтардың кеңеюіне негіз болады деп сенеміз. Сирияаралық келіссөздердің бесінші кезеңі Астанада 4-5 шілде күндері өтеді. Сарапшылар Астана процесі барысында кепілдік беруші елдер Ресей, Түркия мен Иран деэскалация аймақтарының жұмыс істеу тәртібін белгілейді деп күтіп отыр.