Серік Сәпиев Геннадий Головкин мен Қанат Исламның ізбасарларын атады

Серік Сәпиев Геннадий Головкин мен Қанат Исламның ізбасарларын атады

Серік Сәпиев Геннадий Головкин мен Қанат Исламның ізбасарларын атады
ашық дереккөзі
Олимпида чемпионы Серік Сәпиевтің ойынша, кәсіби бокста Геннадий Головкин мен Қанат Исламның ізбасарлары көп. Алайда оларға промоутерді таңдауда шатаспау қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бізде дарынды боксшылар көп. Мәселен, Асхат Уәлиханов, Мадияр Ашкеев, Батыр Жүкембаев, Жанқош Тұраров, Мейірім Нұрсұлтанов және тағы басқа спортшылар бар. Енді, олар туралы жиі естиміз ғой. Бұқаралық ақпарат құралдары да аталған боксшылардың жетістіктері жайында көп жазады. Сосын олардың жеңіске деген қарқыны қатты. Сондықтан дәл осы жас боксшылардың болашағы зор. Бұл жерде, ең бастысы, жақсы бір промоутерді таңдай білу керек. Себебі кәсіби бокста көп нәрсе промоутерге байланысты», - деді депутат Сәпиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, екі-үш жылда еліміздің жас боксшылары өздерін жақсы көрсете білсе, кәсіби бокста толағай табыстарға жетуі әбден мүмкін. «Шыны керек, жат жерде жүріп, жанкүйердің қолдауына ие болу оңай емес. Американың өзінде ондай жетістікке жету қиынның қиыны», - деп атап көрсетті чемпион.