Даун синдромына шалдыққан балалардың ата-аналарына көмек көрсетіледі
Даун синдромына шалдыққан балалардың ата-аналарына көмек көрсетіледі
3 шілдеден бастап «Күн әлемі» қоғамдық қорының ерте көмек беру кабинетінің жанынан Даун синдромына шалдыққан балаларды тәрибелеп отырған отбасыларға қолдау көрсететін жедел желі іске қосылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Алғашқы екі айда жедел желі сынамалы жоба ретінде сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Жедел желі операторы - кәсіби психолог және Даун синдромына шалдыққан баланың анасы Әсия. «Егер сіздің отбасыңызда Даун синдромына шалдыққан бала дүниеге келіп оның күтімі бойынша көмек және кеңес керек болса немесе балаңыздың емделуі, дамуы және әлеуметтендіру жөніндегі сұрақтар толғандырса, Қазақстанның кез келген қаласынан +7 701 778 21 01 номеріне қоңырау шалыңыз.
Пилоттық режимде бұл қызмет тегін, алайда сіздің байланыс провайдеріңіздің тарифіне байланысты абоненттік төлем алынады. Алдағы уақытта әлеуетті демеушілер мен бұл мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтардың қолдауымен жедел желі қызметі толықтай тегін жүргізіледі деп үміттенеміз», - дейді қор қызметкерлері. №1 перинаталдық орталық базасындағы ерте көмек көрсету кабинеті өз жұмысын биылғы жылдың 15 шілдесінен бастайды.