Оралда сәбиін құрылыс нысанына тастап кеткен әйел табылды

Оралда сәбиін құрылыс нысанына тастап кеткен әйел табылды

Оралда сәбиін құрылыс нысанына тастап кеткен әйел табылды
ашық дереккөзі
Оралда сәбиін құрылыс нысанына тастап кеткен әйел табылды. Бүгін іздестіру жұмыстары барысында сәбиін құрылыс нысанында тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Әбділқалықованың айтуынша, Орал қаласының 1996 жылғы тұрғыны оқымайды және еш жерде жұмыс жасамайды. Оның түсіндіруінше, баланы 9 маусым күні қала перзентханаларының бірінде дүниеге келтірген. Жеке себептерге байланысты сәбиін балалар үйіне бергісі келген. Әйтсе де 4-шағынауданнан ол үйді таба алмағаннан кейін салынып жатқан коттеджге тастап кеткен. Бұл оқиға туралы оның тума-туысқандары білмеген. Өйткені қыз аудандардың біріне кетіп, «қонақтамын» деп өтірік айтқан. ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес (қауіпті жағдайда қалдыру) аталған қылмыстық іс-әрекеті үшін қызға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе түзету жұмыстарына жегілуі иә болмаса 45 тәулікке қамалуы мүмкін. Егер сәби зардап шеккенде, осы баптың 2-бөлігіне сәйкес жазасы ауырлап, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Еске сала кетейік, 26 маусым күні кешкісін 4-шағынаудандағы № 24 орта мектеп ғимараты жанында салынып жатқан коттеджден сәби табылып, ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған болатын. Сәбидің дені сау, жағдайы қалыпты.