Apple алдағы уақытта пайдаға кенелгелі тұр

Apple алдағы уақытта пайдаға кенелгелі тұр

Apple алдағы уақытта пайдаға кенелгелі тұр
ашық дереккөзі

Америкалық Apple Inc. компаниясының капиталдандыруы алдағы жылдары 1 трлн АҚШ долларынан асып түсуі мүмкін деген болжам айтады Cantor Fitzgerald сарапшылары. Apple акцияларының құнын белгілеу  болжамын қаржы компаниясы алдағы 12 айға көтеріп отыр. Яғни, құнды қағаз бағасы 180 доллардан 195 долларға көтеріледі. Осылайша, сарапшылардың пікірінше, америкалық фирманың капиталдандыруы 1,1 трлн долларды құрамақ. «Біздің ойымызша, компания қазіргі таңда түпкілікті өзгерістерді бастан өткеріп жатыр», — дейді  сарапшысы Брайан Уайт. Оның айтуынша, iPhone 6 смартфонының сатылымы бұрынғы модельдерге қарағанда көбірек, әрі Apple Watch «ақылды» сағаттары компания тарихындағы ең көп сатылған өнім ретінде есте қалады.

Автомобиль құрастыру туралы сыбыс шығып жатқандықтан, Apple инновациялармен тығыз жұмыс жасауда дейді сарапшы. SIG Susquehanna, Macquarie Research, BTIG Research және RBC сынды компаниялардың сарапшылары жақында Apple қағаздарының алдағы жылғы бағасын 150-160 долларға көтеріп отыр. Белгіленген баға 155 доллар болған жағдайда фирманың нарықтық бағасы 903 млрд долларға теңеледі. Жақында компания өткен тоқсанға арналған есебін өткізді. Смартфон саудасы мен одан түскен түсім көрсеткіштері 33%-ға көтерілген. Сейсенбі күнгі сессия барысында Apple қағаздарының бағасы өзгермеген. Бір акция үшін 132,5 доллар көлемінде сатылуда. Ал, капиталдандыруы 772,65 млрд долларға бағаланып отыр.