Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған сенаторлармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған сенаторлармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған сенаторлармен кездесті
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 маусымда өткен Сенат депутаттары сайлауында сайланған Жоғарғы палата мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев аймақтардағы мәслихат депутаттары мен халықтың оларға көрсеткен сенімнің жоғары деңгейін атап өтіп, Сенаттың жаңа мүшелерін құттықтады. Спикер олардың түрлі салалардағы еңбектері барысында жинақтаған мол тәжірибелері Парламентте табысты қызмет етуінің кепілі боларына сенім білдірді. «Келесі сессияда алдымызда қауырт жұмыстар күтіп тұр. Ең алдымен, Елбасының саясатын заңнамалық тұрғыдан қолдау және жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жалпы, бүгінгі күні Парламент қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы жаңа депутаттарды Палата жұмысының ерекшеліктері туралы хабардар етті және Палатаның келесі сессиясының кезекті отырысында Парламент пен Сенат Регламентіне түзетулер енгізілуі күтіліп отырғанын еске салды. Сол күні Қ.Тоқаев өкілеттілік мерзімі аяқталған сенаторлармен кездесті. Спикер, заң шығару қызметіне үлкен үлес қосқаны, ел өміріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге белсенді қатысқаны үшін парламентшілерге алғысын білдірді. Кездесу соңында олар Сенат Төрағасының Алғыс хатымен және Сенаттың Құрмет грамотасымен марапатталды.