Жаңалықтар

6 елдің азаматтары АҚШ-қа кіру құқығынан айрылды

ашық дереккөзі

6 елдің азаматтары АҚШ-қа кіру құқығынан айрылды

АҚШ-та алты мұсылман мемлекеттің азаматтарына, егер іскер байланыс не туыстары болмаса, елге кіруге уақытша шектеу қою туралы президент жарлығы күшіне енді, деп хабарлайды centralasian.org.  Шектеу Иран, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен елдеріне қатысты. Жаңа ереже 29 маусымнан бастап күшіне енді. Бұған дейін виза алуға берілген өтініштер кері қайтарылмайды. Ал жаңа өтініш берушілер АҚШ-та туыстары бар екенін немесе жұмыс бабымен бара жатқанын құжаттармен дәлелдеуге тиіс. Сонымен бірге бейсенбіден бастап АҚШ-та босқындарды қабылдауды 120 күнге дейін тоқтата тұру туралы және оларды қабылдауды жылына 50 мыңға дейін шектеу туралы жарлық күшіне енді. Бірақ АҚШ-та туыстары барын дәлелдейтін босқындарға есік ашық болады деп хабарлайды "Америка дауысы".