Алматыда «Нұрлы жол» аясында 650 пәтерге өтініш қабылдау басталды
Алматыда «Нұрлы жол» аясында 650 пәтерге өтініш қабылдау басталды
Алматы әкімдігі «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттері Саялы ықшам ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйден және «Жас-Қанат» ықшам ауданында орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден пәтер алады. Барлығы 650 пәтер сатылатын болады. 5 қабатты үйлер 2017 жылдың қыркүйек айында «таза әрлеуде» пайдалануға берілсе, 9-қабатты үйлер 2017 жылдың қараша айында «таза әрлеуде» пайдалануға беріледі. «Саялы шағын ауданындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 159 800 теңгеге деп бағаланып отыр.
1-бөлмелі: 70 пәтер, ауданы - 40,02ш.м
1-бөлмелі: 112 пәтер, ауданы - 45,11ш.м
2-бөлмелі: 112 пәтер, ауданы - 65,72ш.м
3-бөлмелі: 70 пәтер, ауданы - 75,77ш.м
3-бөлмелі: 58 пәтер, ауданы - 87,83ш.м
«Жас Қанат» шағын ауданындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы - 177 330 теңге.
Пәтер саны: 228 1-бөлмелі: 18 пәтер, ауданы - 39,15 ш.м
1-бөлмелі: 66 пәтер, ауданы - 44,26 ш.м
2-бөлмелі: 66 пәтер, ауданы - 65,72 ш.м
3-бөлмелі: 18 пәтер, ауданы - 74,75 ш.м
3-бөлмелі: 60 пәтер, ауданы - 87,83 ш.м», - делінген хабарламада.
Өтініштер 2017 жылдың 19 маусымнан бастап 18 шілдеге дейін (қоса алғанда) қабылданады. 2017 жылдың 19-маусымында үміткерлердің балы есептеледі. Өтінішті Банктің hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің hcsbk.kz интернет ресурсынан егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.