«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 56 жаңа білім беру нысаны тұрғызылады

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 56 жаңа білім беру нысаны тұрғызылады

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 56 жаңа білім беру нысаны тұрғызылады
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салалық экономика департаментінің директоры Ержан Қазанбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынатын жаңа балабақшалар мен мектептердің құрылыс барысы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі. Оның айтуынша, бүгінге дейін 52 білім беру нысаны - 35 мектеп пен 17 балабақша пайдалануға берілген. ҚР Білім және ғылым министрлігі бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Сандуғаш Жақыпованың мәлімдеуінше, 52 білім беру нысанының 10-ы Алматы облысында, 10-ы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғызылған және Жамбыл, Ақтөбе облыстарында 5 ғимараттан, ШҚО, СҚО, Қарағанды, Қызылорда облыстарында 3 ғимараттан және қалған өңірлерде 1-2 білім беру нысандары салынған. Сондай-ақ, Қазанбаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылға қарай үш ауысымдық оқытуды жою және апаттық жағдайдағы мектептерді азайту бойынша 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету үшін 110 білім беру нысанының құрылысына (91 мектеп, 19 балабақша) 77 млрд. теңге бөлініп отырғанын еске салды. «Ағымдағы жылы қосымша 71,7 млрд.теңге жоспарлануда. Бұл бұрын басталған 58 білім беру нысанының құрылысын аяқтауға және 56 жаңа нысанның құрылысын бастауға мүмкіндік береді», - деді ол.