Жаңалықтар

Сәбит Әбдіхалықов Алтынай Жорабаевамен ажырасқанын айтты

ашық дереккөзі

Сәбит Әбдіхалықов Алтынай Жорабаевамен ажырасқанын айтты

Алтынай Жорабаева, Сәбит Әбдіхалықов және Айгүл Иманбаева Актер, Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықов белгілі әнші Алтынай Жорабаевамен ажырасқанын айтты, - деп хабарлайды HIT TV.  Актер тілшінің сұрағына қысқа жауап берді: "Мен бір-ақ нәрсе айтайын, мен ешкімді тастаған жоқпын". Сосын тілшінің "Сізді Алтынай тастап кетті ме, демек?" деген сұрағына ол "Солай" деп қана жауап қатты. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Сәбит Әбдіхалықовты Алтынай Жорабаева тіпті қыздарымен араластырмай да қойыпты.  Айта кетейік, жұптың төрт баласы бар.  Сәбит Әбдіхалықов бұрын бірінші әйелі, танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаевамен ажырасып кеткен. Бүгінде олардың ортақ ұлдары бар. Алтынай жары Сәбитке төрт қыз сыйлаған болатын.