"Иванушки International" тобының экс-солисі қайтыс болды

"Иванушки International" тобының экс-солисі қайтыс болды

"Иванушки International" тобының экс-солисі қайтыс болды
ашық дереккөзі
 Бүгін таңертең Мәскеуде "Иванушки International" тобының экс-солисі Олег Яковлев қайтыс болды. Бұл туралы оның сүйіктісі Александра Куцевол Instagram желісінде естіртті. Айта кетейік, кеше Ресей БАҚ-тары "Иванушки International" поп-группасының бұрынғы солисі Олег Яковлевтің ауыр халде жатқанын хабарлаған еді. 47 жастағы әнші өкпені жасанды желдету аппаратына жалғанған. Олег Яковлевтің Мәскеудегі клиникалардың біріне бірнеше күн бұрын жатқызылғаны белгілі болған.  Олег Яковлев 1969 жылы 18 қарашада Улан-Баторда дүниеге келген. Ол 1998 жылы "Иванушки" тобының толыққанды мүшесі атанды. 2012 жылы Яковлев жеке мансабын бастаған болатын. "Бүгін сағат 7:05-те өмірімдегі ең басты Ерім, Періштем, Бақытым қайтыс болды... Сенсіз қайтпекпін?.. Ұш, Олег! Мен сенімен біргемін", - деп жазды Александра Куцевол Instagram желісінде.