АҚШ шетел әуе рейстеріне қауіпсіздік шараларын күшейтті

АҚШ шетел әуе рейстеріне қауіпсіздік шараларын күшейтті

АҚШ шетел әуе рейстеріне қауіпсіздік шараларын күшейтті
ашық дереккөзі
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі (ІҚМ) елге келетін шетел әуе рейстеріне бақылауды күшейтті. ІҚМ жаңадан енгізілген ережелерді қауіпсіздік үшін жарияламай отыр. Жолаушыларға ескерту әуежай және әуе компания қызметкерлеріне жүктелген. Алайда белгілі болғандай, жаңа ереже жолаушылардың ноутбук, ұялы телефондарына қатысты. Бұл ережеге 105 елдің 280 әуежайы бағынуы тиіс. Бұл әуежайлардан АҚШ-қа күнделікті 325 мың жолаушысымен 2100 ұшақ ұшады екен. Наурыз айынан бастап мұсылман елдерінің ондаған әуежайынан Америкаға ұшатындарға ұшаққа электронды құрылғылар алып кіруге тыйым салған.