iPhone смартфонының қытайлық нұсқасы табысты бола ма?

iPhone смартфонының қытайлық нұсқасы табысты бола ма?

iPhone смартфонының қытайлық нұсқасы табысты бола ма?
ашық дереккөзі

Қытайлық БАҚ өкілдері жуырда iPhone смартфонының қытайлық аналогы шығу мүмкін екенін жазған болатын. Бұл жаңалыққа Qihoo компаниясының қатысы бар екені де нақты көрсетіліп еді. Қытайдың Qihoo 360 компаниясы Coolpad Group ұжымымен біріге QiKU деп аталатын жаңа мобильді брендін жасағанын ресми жариялады. Бұл туралы Qihoo басшысы Хонгуй Чжоу мен Coolpad Group жетекшісі Гуо Деин хабарлады.

Ғаламтор ресурстарына сүйенер болсақ, QiKU iPhone смартфонының қытайлық аналогы болуы мүмкін. AAStocks Financial News ақпаратына орай, біріккен өндірістік жұмыс ағымдағы жылдың екінші кварталында іске қосылады. Ал QiKU атауымен нақты қандай смартфондар құрастырылатыны туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат берілмеді.  Qihoo 360 - Қытайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етумен аты шыққан компания. Нақтылап өтер болсақ, 360 Internet Security антивирусы аталған компанияның өнімі болмақ.

Ал Coolpad Қытайдың смартфон нарығындағы жетекші өндірушілердің бірі. Компания басшылары бір апта бұрын 4G технологияға ауысатынын хабарлап, негізгі инвестициялық басымдылық осы салаға бағытталатынын дәйектеген еді.