Еліміздегі үздік компаниялар анықталды

Еліміздегі үздік компаниялар анықталды

Еліміздегі үздік компаниялар анықталды
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының(ҰКП) бәсекелестік жөніндегі кеңесі еліміздің ең мықты деген он бес компаниясының тізімін жасап шығыпты. Жеңімпаз компаниялар тізімінде «Цесна-Астық», «Родина» агрофирмасы, «Сентрас» кешені, KazMicroFinance, RGBrands және т.б. отандық компаниялар бар. Сарапшылар кеңесінің төрайымы Жанат Ертілесованың айтуынша, бұл тізімнен шикізат және құрылыс компанияларымен банктер бірден алынып тасталған.

Компаниялар экономиканың маңызды деген тоғыз саласынан таңдалды: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда, технологиялар, медиа және телекоммуникация, тамақ өндірісі, транспорт және логистика, энергетика, банктық емес қаржыландырулар және мұнайгаз сервисі. Сарапшылар тобының тағы бір мүшесі Ораз Жандосовтың ойынша, орта бизнестегі бәсекеге неғұрлым қабілетті компанияларды анықтау ел экономикасындағы порблемалық орындарды көрсетіп береді екен.

Жеңімпаз-компаниялар, іріктеуші мамандардың пікірінше, мемлекетке бизнес үшін өте пайдалы болатын бірнеше қызмет түрлерін көрсетуге дайын. «Біз бірнеше өте пайдалы ұсыныстар дайындадық. Бірақ, бірінші кезекте мынаны ескеру керек: біз ешкімге қол жайып бармаймыз. Бұл компаниялар елімізге көп нәрсе жасай алады. Мысалы, өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы. Бұл жерде қандай да бір бизнес-жобаны қалай жүзеге асыру туралы айту маңызды болды. Біздің чемпиондар өз қызметтерінің сапасын одан әрі дамытуға дайын, тіпті қызметшілерін қайта оқытуға дейін барады.

Ал, мемлекет тарапынан біз кедергі азайса дейміз. Қазір бұл салада сұрақтар көп — салық және шекаралық тіркеу, Шетелдік жұмыс күшін тарту т.б. Индустриалды саясатты дамыту, инфрақұрылым, біздің жеңімпаздарымыздың барлығы бұл нәрселерді жақсы біледі. Және көмектесе алады», — дейді ҰКП бәсекеге қабілеттілік кеңесінің төрағасы Елдар Әбдразақов. Жеңімпаз-компанияларды анықтаудағы мақсат бәсекеге қабілеттілікті күшейту болып отыр. «Біздің кеңесіміз көп уақыт бойы қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қалай арттырсақ деп ізденді. Әлемдік тәжірибені зерттегеннен кейін біз батыстық практика елімізде қаншалықты дәрежеде қолданыла алатындығын ойладық. Соңында еліміздегі бар компаниялар ішінен көшбасшыларын анықтау керек деп шештік, олар тиісінше барлық бизнес-қоғамды соңынан ертіп, үлгі бола алады. Олар жоғары дәрежеге жеткен. Енді әлемдік бәсекеде бақ сынап көреді», — деді Әбдразақов.