Колонияға қомақты қаржы жібермекші болған қарағандылық ұсталды
Колонияға қомақты қаржы жібермекші болған қарағандылық ұсталды
Қарағанды тұрғыны колонияда жазасын өтеушіге ақша мен флеш-карта бермекші болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімі екінші атқыштар батальоны үшінші атқыштар ротасының қызметкерлері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды алып кірмекші болған әрекеттің бетін қайтарды», - деп хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
АК-159/6 қатаң режимді колонияға кірмекші болған автомобильді тексеру кезінде жүксалғышқа тығып қойған қағаз орамы табылды. Орамда 106 200 теңге және екі флеш-карта болған. Ұсталушы ІІБ тергеу-жедел тобының мамандарына берілді. Кіші сержант Жандос Полат қырағылық танытқаны және кәсібилігі үшін әскери бөлімнің басшылығымен мадақталды.