Қытай азаматшасының қымбат білезігін тауып алған астаналық полицейге бағалы сыйлық берілді

Қытай азаматшасының қымбат білезігін тауып алған астаналық полицейге бағалы сыйлық берілді

Қытай азаматшасының қымбат білезігін тауып алған астаналық полицейге бағалы сыйлық берілді
ашық дереккөзі
Астанада жоғалған зергерлік бұйымды тауып, иесіне қайтарып берген полицей марапатталды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.  Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы аумағында қызметін атқарып жүрген Рамиз Сафиуллаев қомақты қаражатқа түбіртегі мен сертификаты бар зергерлік бұйым тауып алған.  Полиция асыл бұйымның иесі кім екенін анықтады: Қытай азаматшасы алтын білезік сатып алып, абайсызда жоғалтып алған екен. Астана ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ЭКСПО аумағындағы аудандық полиция бөлімшесінде жеке құрам алдында полиция капитаны Рамиз Сафиуллаевты бағалы сыйлық – атаулы сағатпен марапаттады.