АҚШ Жоғарғы соты Трамптың кейбір мұсылман елдеріне виза бермеу туралы жарлығын қолдады
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың кейбір мұсылман елдеріне виза бермеу туралы жарлығын қолдады
АҚШ-тың Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың бірқатар мұсылман елдеріне виза бермеу жөніндегі жарлығының күшін қалпына келтірді. Бұл жөнінде Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Қаулыда Жоғарғы сот істі соңына дейін аяқтамайынша, президенттің наурыз айындағы жарлығының күші жартылай қайтарылады деген. Кезекті сот отырысы қазан айына белгіленген.
Маусым айының басында Трамп Апелляциялық соттың шешімін қайта қарау жөнінде Жоғарғы сотқа шағымданған.
Осының алдында федералды сот екі рет Трамптың иммиграция жөніндегі жарлығының күшін жойған. Жарлыққа сәйкес, жеті мұсылман елінің (Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен) азаматтарына АҚШ-қа виза беруге уақытша тыйым салған.