Атырау облысында 100-ге жуық жылқы қырылып қалды

Атырау облысында 100-ге жуық жылқы қырылып қалды

Атырау облысында 100-ге жуық жылқы қырылып қалды
ашық дереккөзі
Атырау облысында қауіпті инфекциядан 100-ге жуық жылқы қырылып қалды, – деп хабарлайды Астана арнасы. Арнаның хабарлауынша, бүгінде 234 үй жануарының сақау ауруына шалдыққаны анықталған. Қазір олар мамандардың бақылауында. Дерттің ошағы Исатай ауданында тіркелген. Малдың жаппай дертке шалдыққаны туралы хабар аудандық ветеринария бөліміне түскен. Мал дəрігерлері ауырған жануарларды оқшаулап, емдеу шараларын жүргізіп жатыр. Сақау ауруы – жылқыларда, əсіресе құлындарда кездесетін өткір инфекциялық дерт. Жануардың жұтқыншақ таңдайының кілегей қабығы қабынып, шықшыт асты лимфа түйіндері үлкейеді. Алқымы ісініп, танауынан ірің ағады. «Ветеринар дәрігерлер тарапынан ауру малдарды емдеу шаралары қолға алынған. Қазіргі таңда  комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан бақылауға алынған», –  дейді аймақтық байланыс қызметінің жетекшісі Серік Ерментаев.