Жаңалықтар

Зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақы 20 пайызға өседі

ашық дереккөзі

Зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақы 20 пайызға өседі

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өсетін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «2,1 миллионнан астам зейнеткер 1 шілдеден бастап жоғары зейнетақы алады. Нәтижесінде зейнетақының көлемі 2016 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ке дейін артады. Егер, ең төменгі зейнетақы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 45 711 теңгені құрайтын болады. Салыстырып қарасақ, 2016 жылы ең төменгі зейнетақы көлемі - 37 789 теңге болған еді», - делінген хабарламада. Барлық зейнеткерлердің зейнетақысы қайта есептелінетіні аталып өтілді. Сондай-ақ, ол үшін қосымша құжаттар қажет емес. Ана мен балаға қолдау көрсету бойынша мемлекеттік саясат аясында 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ке өседі. Бірінші, екінші және үшінші балаға берілетін жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе 86 222 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға - 63 АЕК немесе 142 947 теңге болады.