«Даму» Қоры мен Қазақстан банктері бизнес үшін 20 млрд теңге бөлді

26 маусым, 2017 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
«Даму» Қоры мен Қазақстан банктері бизнес үшін 20 млрд теңге бөлді «Даму» Қоры  шағын және орта кәсіпкерлік үшін 10 млрд теңге бөлді. 8 млрд теңге «АТФ Банкке», 2 млрд теңге «Нұрбанкке» салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша «Даму-Өңірлер ІІІ» бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды. Несие «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі. «Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді. Қаржыландыру талаптары: Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі: - «АТФ Банк» АҚ –  жылына 14%; - «Нұрбанк» – жылына 17,5%; Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін беріледі; Мерзімі – 84 айға дейін.   Салалар: ⋅ Агроөнекәсіптік кешен; ⋅Тау-кен өндіру саласы; ⋅ Құрылыс материалдарын шығару; ⋅ Металлургия, металлөңдеу, машинақұрылысы; ⋅ Көлік және қоймада сақтау; ⋅ Туризм; ⋅ Ақпарат және байланыс; ⋅Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері; ⋅ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер; ⋅ Білім беру; ⋅ Өнер, көңіл көтеру және демалыс; ⋅ Басқа да қызмет түрлерін көрсету. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бүгінгі күні 3 134 кәсіпкер несие алып, 11 375 жаңа жұмыс орындары ашылып, нақты берілген қаражат 175 млрд теңгеге жетті. «Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.