Жаңалықтар

Қазақстанға Қырғызстандық ескі автокөліктер кіргізілмейді

ашық дереккөзі

Қазақстанға Қырғызстандық ескі автокөліктер кіргізілмейді

Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін Қырғызстан келетін ескі автокөліктің Қазақстанға кіруіне жол бермейді. Бұл туралы Астанадағы брифинг кезінде инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді. «Қырғызстанның соңғы жылдары өзіне 100 мың авто кіргізгенін есептесек, біреулердің ол көліктерді қайта экспорттауға дайындап жатқан болуы да мүмкін. Бірақ  біз ескі автоның кіруіне мүдделі емеспіз», — деді А.Рау. Оның атап өтуінше, Қырғызстаннан көліктердің енгізілу мәселесі елдің ЕАЭО-қа кірер кезіндегі жиі талқыланған сұрақтардың бірі болды. «Автоөндірісі болмағандықтан, олар он жыл ішінде салымды нөлдік дәрежеге белгілеген кезеңге өтті. Және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген көліктеріне де  Кедендік одақтың автомобильге салынатын салықтары енгізілетіндігіне келісті», — деді А.Рау. Сондай-ақ, қазақстандық нарықты қорғау үшін Қырғызстаннан қайта экспорталатын автоны интеграциялық одақ аясындағы техникалық талаптар аясында тексеру жоспарланып отыр. «Тежегіштің автоматты құлыпталуы, қауіпсіздік жастықшасы, балалар креслосының бекітілуі, күндізгі оттар- барлығы да қауіпсіздік мәселесіне қатысты сұрақтар. Техникалық реттеуіште қарастырылған. Және белгілі бір мөлшерде бізді өзімізде де бар ескі көліктерден қорғайды», — деп қорытындылады вице-министр.