Түркия мектептері Дарвин теориясынан бас тартты
Түркия мектептері Дарвин теориясынан бас тартты
Түрік шенеуніктерінің айтуынша, Чарльз Дарвиннің теориясы баланың түсінуі үшін қиынға соғады. Сондықтан 9-сынып оқулығынан ол теорияны алып тастайтын болды, деп хабарлайды stan.kz.
Түрік шенеуніктерінің бұл шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
«Бұл барып тұрған сұмпайылық. Енді олар биология пәнін қалай үйренеді? Ғылым жайлы қалай түсіндіреді?», – деген пікірлер жазылып жатыр.
Өзге желі қолданушысы: «Ел үкіметін ризашылығымды білдіремін. Мұндай ойға сыймайтын және абсурдты теорияны алып тастағаны дұрыс болды» деп жазды.
Білім министрлігінің оқу бағдарламасы кеңесінің басшысы Алпаслан Дурмуш 9-сыныптан бастап Дарвиннің теориясы оқылмайтынын айтты.
Оның айтуынша, оқушылар оны түсіну үшін тым жас. Алпаслан Дурмуш оқушылардың теорияны университет қабырғасында оқитынын айтты.
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мектеп бағдарламасындағы бұл өзгерісті қолдады.
«Түркия Сауд Арабиясынан кейінгі эволюция теориясынан бас тартқан екінші ел болады», – деді мұғалімдер кеңесінің басшысы Ферай Айтекин Айдоган 100 мың елден келген мұғалімдер жиынында.
«Тіпті Иранның өзінде эволюция теориясына 60 сағат, Дарвиннің өзіне 11 сағат бөлінген», – дейді ол.
Оның орнына елде қазіргі Түркияның негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірбаянын оқу сағаты көбейтілді.
Оппозиция өкілдері Ердоған елді өз негізінен алыстатып, неғұрлым исламға жақын және консервантты етуге талпынады деп сынады.
Ердоғанның өзі бернеше рет басты мақсатының саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін атады. Ал, премьер-министр Нуман Куртулмуш «эволюция ескірген теория» деген еді.
Ислам негізі бойынша барлығын Алла жаратқан. Адам ата ең алғашқы адам. Ол топырақтан жаратылған. Ал, Хауа ана Адам атаның қабырғасынан жаратылған. Сондықтан эволюция теориясы діни көзқарасқа қайшы келеді.
«Биология пәні ғана емес, барлық ғылым саласы діни негізде жазылады. Сондықтан жаңа бағдарлама бойынша оқулықтарда кері көзқарас тууы мүмкін», – дейді Ферай Айтекин Айдоган.
«Бұның соңы қауіпті болмақ. Мұғалімдеріміз көшелер мен сыныптарда қарсы шығып, студенттерді үкімет бұйрығынан тыс бұрынғы теориямен оқытады», – дейді Ферай Айтекин Айдоган.