Сирия процесінің бесінші кезеңі қашан өтетіні белгілі болды

Сирия процесінің бесінші кезеңі қашан өтетіні белгілі болды

Сирия процесінің бесінші кезеңі қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Астана процесінің бесінші кезеңіне барлық кепіл мемлекет қатысады. Бұл жөнінде бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. Оның айтуынша, жиынға Ресей Президенті мен Сыртқы істер министрінің арнайы өкілдері, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары келеді. БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффенде Мистура мен Иордания делегациясы да келіссөздерге қатысатындарын растады. Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі: – АҚШ бақылаушы ретінде өзінің жоғары лауазымды өкілін жібереді деп күтілуде. Сирия араб республикасы мен Сирия қарулы оппозициясының қатысуы туралы нақты шешімді күтіп отырмыз. Астана процесінің V раунды 4-5 шілде күндері өтеді.