Жаңалықтар

Талапкерлердің ҰБТ-дан жинаған ұпайы өзгелерге құпия болады

ашық дереккөзі

Талапкерлердің ҰБТ-дан жинаған ұпайы өзгелерге құпия болады

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері ашық көрсетілмейтін болады. Яғни, осы жылы ҰБТ-дан соң ілінетін тізімдерде талапкердің аты-жөнінің орнына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жазылады. Кімнің қанша ұпай жинағандығын әркім өзінің ЖСН-ы арқылы білетін болады.

Жеке сәйкестендіру нөмірі жеке куәлікте орналасқан. Сондай-ақ, ҰБТ нәтижелерін үйден шықпай-ақ білуге болады. Тестілеуге қатысты барлық мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланбақ. Талапкерлерге сынақ алдында берілетін жеке код арқылы сервиске кіруге болады. Бұндай жаңа жүйе ҰБТ аяқталғаннан кейін орын алатын олқылықардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған көрінеді.

Тестілеудің нәтижелерінің ашық болуы жасөспірімдер арасындағы араздыққа әкеліп соғады дейтін сарапшылардың пікірі аталмыш жүйенің қолданысқа енуіне түрткі болып отырған көрінеді. Ал шенеуніктер жаңа жүйенің енгізілуімен келеңсіз жағдайлар азаятынына сенімді. Себебі, мектеп бітірушілердің қанша ұпай жинағандықтарын бөгде адамдар біле алмайды.