Атамбаев Қырғызстанның келесі президенті болуға лайық адамды атады

Атамбаев Қырғызстанның келесі президенті болуға лайық адамды атады

Атамбаев Қырғызстанның келесі президенті болуға лайық адамды атады
ашық дереккөзі

Қырғызстан көшбасшысы Алмазбек Атамбаев 24 маусымда журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Социал демократиялық партия атынан президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбеков туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

 Мемлекет басшысы қазіргі премьер-министр Сооронбай Жээнбековті 1995 жылдан бері жақсы білетінін айтты.
«Мен ол кезде онымен бірге парламент депутаты болдым. Бірінші жылы-ақ біз «Реформа» фракциясын құрдық. Оған 70 депутаттың 29-ы кірді. Бұл фракция сол кездегі президентке мүлдем ұнамаған. Сооронбай Шарипұлы менің орынбасарым болды. 20 жыл бойында мен оны адал, парасатты адам ретінде білемін. Оған менімен жұмыс істеу оңайға соқпады. Мұны жасырмаймын, оның туыстары және отбасы Ақаев, сосын Бакиев кезінде әртүрлі лауазымды қызметтерде істеді», - деді қырғыз президенті. Алмазбек Атамбаев сонымен бірге Сооронбай Жээнбековтің тік мінезді, адам екенін атап өтті. «Біріншіден, Социал демократиялық партия съезінде оның кандидатурасын бір ауыздан қолдайды деп үміттенемін. Бұл біздің ел үшін жақсы таңдау болушы еді. Мен ол қазір елде адал, таза қоғам құрудағы бағытты жалғастырады деп ойлаймын», - деді мемлекет басшысы. Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.