Жаңалықтар

Қырғызстанда балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

ашық дереккөзі

Қырғызстанда балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кәмелетке толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым туралы заңға салындықол қойды, деп хабарлайды 24.kz. Билік мұндай шешімді бекер қабылдап отырған жоқ. Күш-қуат береді деп жарнамасы жер жарған сусындарды зерттеп-зерделеген ғалымдар: «Бұл зиянды өнім балалардың денсаулығына қауіп төндіреді», – деп дабыл қағып жатыр.  Жарнамасы жер жаратын энергетикалық сусындар дүкен сөрелерінде толып тұр. Оған қырғыз жастарымен қатар балалар да әуестеніп алған. Кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым жоқ, сондықтан жасына қарамай бәріне сата береді. Құрамында алкоголі бар сусындар жасөспірімдердің денсаулығына зиян келтіреді деп, дәрігерлер дабыл қаққаннан кейін, тиісті шаралар қолға алынды.  Мамандандырылған мекемелер өткен жылы шарап ішті деген күдікпен 56 жасөспірімге сараптама жүргізген. Қырық төртінде осы күдік расталған. Арасында энергетик ішкендері де бар. Дәрігерлердің айтуынша, құрамында алкоголі аз болса да, біртіндеп құмары күшейіп, ақыры бұл әдет маскүнемдікке әкеледі. Бұл олқылықты ел үкіметі біржола шешті. Енді бұдан былай 18-ге толмаған балаларға энергетикалық сусын сатылмайды. Қажет болса, сатушы төлқұжатын талап ете алады. Онда да күш береді деп жарнамаланатын сусындар тек арнайы дүкендерде сатылатын болды.