Ердоған Айт намазы кезінде кенеттен есінен танып қалды

Ердоған Айт намазы кезінде кенеттен есінен танып қалды

Ердоған Айт намазы кезінде кенеттен есінен танып қалды
ашық дереккөзі

Түркия президенті Режеп тайып Ердоған мешіттегі айт намазы кезінде есінен танып, құлап қалды. Бұл туралы MK.RU басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

Ол айт намазы кезінде құлап ғалған. Бұл жайт 2012 жылы Аташехио ауданында ашылған Мимар Синан атындағы мешітте орын алған. Кенеттен есінен танып, құлап бара жатқан жерінен Түркия президентін жанында тұрған адамдар ұстап қалған. Президентке шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, артынша ол журналистерге болған жайт туралы өзі түсіндіріп берді. "Бұл жайт ағзадағы қант мөлшері мен қан қысымына байланысты орын алды", - деді ол. - Бірақ қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын". Бұдан он жыл бұрын, 2006 жылы ол дәл осындай жағдайға тап болған. Есінен танып қалған Ердоғанды күзет қызметкерлері ауруханаға әкеліп тұрып, қатты сасқалақтағаннан оны көлік ішінде ұмытып кеткен. Ал дәрігерлердің айтуынша, Түркияның мемлекет басшысының денсаулығы ағзасындағы қант мөлшерінің күрт төмендеп кетуі, қауырт жұмысы мен ораза ұстауы салдарынан сыр берген.