Жаңалықтар

Әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз іздестірілуде

ашық дереккөзі

Әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз іздестірілуде

Маңғыстау облысындағы әскери бөлімшеден мерзімді қызмет сарбазы қашып кетті, деп хабарлады "Лада" басылымына №25744 бөлімшеден. Кезекші 23 маусым күні жатардың алдында тексеру кезінде сарбаздың жоқ екенін байқап, дабыл қаққан.  Әскери қызметшінің 1998 жылы туып, Оралда тұрғаны белгілі. Әскери бөлімшеде қашқынның қарусыз екенін алға тартады. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. №25744 әскери бөлімшесі Құрық кентіне қарай жолда 23 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерде ҚР қорғаныс министрлігі әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскері орналасқан. Мұндай жағдай өңірде 2012 жылғы қаңтарда болған. Ол кезде №25744 әскери бөлімшесінен екі қаруланған сарбаз қашып кеткен. Олар келесі күні дәмханалардың бірінен табылған.