Дүниежүзі қазақтарын қолдау үшін "Отандастар" қоры құрылады

Дүниежүзі қазақтарын қолдау үшін "Отандастар" қоры құрылады

Дүниежүзі қазақтарын қолдау үшін "Отандастар" қоры құрылады
ашық дереккөзі
Дүниежүзі қазақтардың V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке шетелдегі қазақ диаспорысына қолдау көрсету мақсатында «Отандастар» қорын құруды тапсырды деп мәлімдеді Хабар телеарнасы.
«Шетелдегі қандастарымызға барынша қолдау көрсету мақсатында біз осы жұмысты жүргізе бастадық. Отандастарымызға қолдау көрсету үшін «Отандастар» қорын құратын боламыз. Әрине, мек Үкіметке тапсырма беремін. Алайда 25 жыл ішінде экономиканың өсімі, сыртқы сарабдал саясаттың арқасында халқымыздың басым бөлігі жағдайын жақсартты. Олардың бүгінде бизнесі бар. Біз еліміз бай мемлекет болғанын қалаймыз және соған ұмтылдық», – деді Президент. Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстанда әл-аухаты жақсарған халық саны артты. «Өздеріңіз білетіндей 25 жыл ішінде еліміздің ұстанып отырған саясатының арқасында мемлекетте байлар саны артты. Олар еліміздің болашағы үшін жұмыс істеуде», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. Естеріңізге сала кетейік, Астанада Дүниежүзі қазақтардың V құрылтайы өтуде. Бұл елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Ол  1992-2017 жылдары өткен  Құрылтайдың сабақтастығы мен ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі мен саяси этникалық репатриацияның  нәтижесін көрсетеді. Шараға 750 делегат, оның ішінде 39 таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр.